«Осы жерде: «Бұл цифрлардың артында кімдер тұр? Қазақстанда террорист деген кім?» деген сұрақтардың басы қылтияды. Бұл сұраққа статистикаға сүйене отырып жауап бергім келеді. Сотталған террористердің 60 пайызға жуығы 29-ға толмаған жастар», — деді ол бейсенбі күні лаңкестікке қарсы күрес тақырыбында өткен конференцияда.