Токиода таза алтыннан жасалған шыршалар сатылымға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Токиода таза алтыннан жасалған шыршалар сатылымға түсті

Токиода таза алтыннан жасалған шыршалар сатылымға түсті

Токиодағы зергерлік дүкендердің бірі келе жатқан жылды алтынның жарқылымен қарсы алғысы келетіндер үшін аса бағалы шыршалар жасап шықты.

  • 23 Қараша 2012
  • 336
Фото - Caravan.kz

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, салмағы 40 келілік алтын шыршаның «бұтақтарына» Диснейдің Микки Маус, Тинкер Белл және Золушка сынды атақты кейіпкерлері ойып бедерленген.

Шыршаның биіктігі 2,4 метр, ені 1,2 метр. Ертегі-бұйымның құны да арзан емес — 4,2 млн доллар. Сатушылардың айтуынша, шырша бұл бағаға лайық.
«Қазір алтынның бір грамы 53,2 доллар тұрады. Біз шыршаны жасағанда тек саф алтынды пайдаландық. Ал, 10 зергеріміз Дисней кейіпкерлерін қолмен жасап шықты. Ол үшін шеберлеріміз екі ай еңбек етті», — дейді дүкен менеджері Томоко Исибаси.
Дүкен сөрелерінде шыршаның кішірейтілген нұсқалары да бар. Бойы 25 см болатын шағын шыршалардың құны 243 мың доллар.
«Үлкен алтын шырша сатыла қойған жоқ, ал кішкентайлар қазірдің өзінде сатылып жатыр», дейді Т.Исибаси.