Еуроодақ көшбасшыларының саммиті болмай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ көшбасшыларының саммиті болмай қалды

Еуроодақ көшбасшыларының саммиті болмай қалды

Кеше кешқұрым кешіктірілумен басталған Еуроодақ көшбасшыларының саммиті бүгін түнде тоқтатылды.

  • 23 Қараша 2012
  • 356
Фото - Caravan.kz

Қатысушылар 2014-2020 жылдарға арналған бюджеттің көрсеткіштері бойынша ешқандай шешім қабылдай алмады.

Еурокеңес басшысы Херман ван Ромпей хабарлағандай, келіссөздер бүгін түсте жалғасады. Бұған дейін ол кездесудің оңай болмайтындығын айтқан болатын. ЕО бюджетінің шығындарын оның мүшелері қаржыландыруда. Ұлыбритания мен Германия шығыстарды өсіру мүмкін емес деген тоқтамға келіп отырса, ЕО-ның ең кедей мүшелері, керісінше, анағұрлым қолдауға ие болуға тырысуда. Ал Франция Берлин тарапынан қарсылықтарға қарамастан, өзінің аграрлық кешені үшін субсидиялардың сақталуын сұрап отыр.

Перейти к новостям спорта