МИ-823 тікұшағын іздеу жұмыстары қайта жалғасты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.19
  • 582.79
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МИ-823 тікұшағын іздеу жұмыстары қайта жалғасты

МИ-823 тікұшағын іздеу жұмыстары қайта жалғасты

Дүйсенбі күні таңғы сағат 8-ден бастап Алматы облысының Алакөл ауданында «ЕуроАзияЭйр» ЖШС иелігіндегі жоғалып кеткен МИ-823 тікұшағын іздеу жұмыстары өткізілді,

  • 27 Қараша 2012
  • 396
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.

Достық стансасынан Алакөл көлінің оңтүстік-шығыс жағалауына дейін ұшу болды, алайда шектеулі көрінушілікке байланысты бөлшектеп қарап ұшу өткізілмеді. ШҚО аумағын зерттеумен құбыр бойынша, Жоңғар тауларының етегінен «Ырғайты» асуына дейінгі жерлер қаралды, одан кейін барлық шатқалдар, оның ішінде Сарыбөктер, Селті учаскелерінен ҚХР шекарасына дейінгі жерлер қаралды. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.

Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның бір МИ-8 тікұшағы; ҚР ҰҚК Ұшарал шекара жасағының екі МИ-8 тікұшағы қатысты. Іздеу жұмыстары бүгін таңғы сағат 8-де қайта жалғасты.