Үкімет «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасын қабылдады

Үкімет «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасын қабылдады

Бүгін Үкімет отырысында «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасы қабылданды.

  • 27 Қараша 2012
  • 388
Фото - Caravan.kz

Аталған құжатты әзірлеу мәселесі бойынша сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың атап өтуінше, отандық ақпараттық-мәдени кеңістіктің дамуы Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай — қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуының бір құрамы болып табылады.

«Осыған орай, «Ақпараттық Қазақстан — 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасымен осы мәселеге арналған және оның ішінде қызметтің 4 маңызды бағдары көрсетілген тарау қарастырылған»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, олар: мәдени саладағы ақпараттық-желілік технологиялардың дамуы, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңғыруы, отандық ақпараттық контентті өндіруге ынталандыру және мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу.