деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Тергеу анықтағандай, ағымдағы жылдың сәуір-мамырында күдікті әйел өзін «МММ» компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, ақтөбеліктерге ақшаны оның банктегі есебіне аударуды ұсынып, салған сомасының 40 пайызы көлеміндегі түсімге уәде еткен. Ақшаны алғаннан соң ол ізін суытқан.
«Бүгінде полицейлер күдікті азаматшаның алаяқтықтың жалпы сомасы 47 мыңнан астам АҚШ долларын құрайтын 26 фактіге қатыстылығын дәлелдеді», — дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Алмат Иманғалиев.
Қазіргі уақытта күдікті әйелге іздеу жарияланды. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 177 бабымен қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.