Новороссийск қаласында бес жылдан бері іздеуде жүрген банк қызметкері қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Новороссийск қаласында бес жылдан бері іздеуде жүрген банк қызметкері қолға түсті

Новороссийск қаласында бес жылдан бері іздеуде жүрген банк қызметкері қолға түсті

Құқық қорғау орындарынан қашып жүрген Валют-Транзит банктің бухгалтерлік есеп департаментінің бұрынғы директоры Ольга Евланова Қарағандыға жеткізілді.

  • 27 Қараша 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

Ол 10-қарашада Ресейдің Новороссийск қаласында қолға түскен болатын. Бұл туралы сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Қарағанды облысы Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің іздеу бөлімі бастығы Тагир Рахматуллин мәлім етті.

«Бас прокуратура РФ Бас прокуратурасына экстрадициялау жөнінде өтініш жолдады. Өтініш қанағаттандырылып, екі күн бұрын күдікті Қарағандыдағы тергеу изоляторына жеткізілді», — деді ол.
О.Евланова бес жылдан бері жалған кәсіпкерлікпен айналысты, салық төлеуден жалтарды деген сынды экономикалық қылмыстары үшін іздеуде жүрген болатын.