Астанада Тұңғыш Президент күні автопарктерде, жанар-жағармай құю бекеттері мен базарларда атап өтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.1
  • 583.64
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Тұңғыш Президент күні автопарктерде, жанар-жағармай құю бекеттері мен базарларда атап өтіледі

Астанада Тұңғыш Президент күні автопарктерде, жанар-жағармай құю бекеттері мен базарларда атап өтіледі

ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Астана қаласындағы жанар-жағармай құю стансыларында,

  • 28 Қараша 2012
  • 382
Фото - Caravan.kz

сауда-ойын сауық орталықтарында, № 1,2,3,4,5,6,7,8,9 автопарктерде, сондай-ақ Шанхай базарында «Біз Президентпен біргеміз!» атты акция өткізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармадан мәлім етті.

Арнайы киімдер киген жастар «1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні» жазулары бар стикерлерді автокөлік құралдарының әйнектеріне, барлық жолаушылар автобустарына жабыстыратын болады. Онымен бірге, акция барысында қала тұрғындарымен сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылады, ең белсенді қатысушылар кәдесыйлар алады.
Басты сөздер: Астана , Қоғам