Павлодарда металл балқытатын зауыттың 300 қызметкері жұмыссыз қалмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда металл балқытатын зауыттың 300 қызметкері жұмыссыз қалмақ

Павлодарда металл балқытатын зауыттың 300 қызметкері жұмыссыз қалмақ

Павлодарда металл балқытатын зауыттың 300 қызметкері жұмыссыз қалғалы тұр. Мереке қарсаңында қысқарту туралы ескерту қағаз алған жұмысшылар енді қайда барарын білмей дал.

  • 30 Қараша 2012
  • 333
Фото - Caravan.kz

«Кастинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — металл балқытумен айналысатын Павлодардағы ірі кәсіпорындардың бірі. Осыдан бірнеше жыл бұрын зауытты көруге келген Елбасының өзі оң бағасын берген еді. Алайда бүгінде кәсіпорында бұрынғыдай серпін жоқ. Өндірісі тоқтаудың аз-ақ алдында тұр. Жұмыс көлемі азайып, металл өнімдеріне сұраныс төмендеген. Сол себепті кәсіпорын басшылығы 300 қызметкерді жұмыстан босату туралы шешім қабылдапты. 3 мың қызметкердің оннан бірін қысқарта салу алпауыт кәсіпорынға аса қиын шаруа емес сыңайлы. Олар «қысқартуға ұшырағысы келмейтіндер үш ай еңбекақысыз отырады» деп шарт қойған. Алайда жұмысшылар бұл шешімге де наразы, үш айдан кейін де жұмыс боларына ешкім кепіл бере алмайды, -дейді олар.


Виталий Иванов, зауыт жұмысшысы:

Түкіргенім бар бұл зауытқа. Өйткені олар мені керек қылып отырған жоқ. 50 мың несием бар мойнымда. Егер мен 3 ай бойы оны төлемесем, жалғыз пәтерімнен айырылам. Кету керек, басқа амал жоқ. Жұмыс іздеу керек.