В.Челах. Сот. 30 қараша - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В.Челах. Сот. 30 қараша

В.Челах. Сот. 30 қараша

Шекарашы Владислав Челахқа қатысты өтіп жатқан сот отырысы екі адвокаттың ауырып қалғанына байланысты кейінге шегерілді.

  • 30 Қараша 2012
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деп айып тағылған Владислав Челахтың ісі жүріп жатқан сот отырысы адвокаттардың келмей қалуына байланысты кейінге шегерілді. Бүгін, жұма, 30 қарашадағы кезекті отырыс басталардан бұрын сот хатьшысы айыпкер Владислав Челахтың екі адвокаты — Серік Сәрсенов пен Серік Естияров сот отырысына келмегенін хабарлады.

«Сәрсенов ауырып жатыр, ал Естияров телефон соғып, ол да ауырып қалғанын айтты», — деп хабарлады хатшы.
Сондай-ақ мемлекеттік айып тағушының мәлімдеуінше, «қорғаушысыз сот отырысын өткізуге болмайды».
Сот процесінде төрағалық етіп отырған судья Ербол Ахметжанов сот отырысын ауыстыруға мәжбүр болды. «Адвокат Естияровтың келмей қалуына байланысты сот қаулы шығарады: сот отырысы 4 желтоқсанның таңертеңгі сағат 9:30-на ауыстырылсын», — деді судья.
Айта кету керек, адвокат Серік Сәрсенов бейсенбі, 29 қарашада денсаулығының нашарлауына байланысты сот отырысына қатыса алмайтынын айтып, Алматыға емделуге кеткен болатын.

Перейти к новостям спорта