Храпуновтар отбасының есепшоттары тұтындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Храпуновтар отбасының есепшоттары тұтындалды

Храпуновтар отбасының есепшоттары тұтындалды

Женева прокуратурасы Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның зайыбы Лейла Храпуноваға қатысты ақша жымқыру фактісін тексеруге кірісті. Бұл туралы швейцариялық RTS арнасы хабарлады.

  • 30 Қараша 2012
  • 339
Фото - Caravan.kz

Тексеруге прокурор Жан-Бернард Шмид жауап береді. Ол Храпуновтар отбасының Швейцария экономикасына салған инвестицияларды қайдан тапқанын анықтауға бағытталған.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір олардың Credit Suisse және Schroder & CO компанияларындағы есепшоттары тұтқындалып, банктік құжаттары тәркіленген.
Бірнеше жылдан бері Женевада тұрып жатқан Храпуновтар отбасы енді 300 млн швейцар франкіне бағаланып отырған байлығының қайдан шыққанын түсіндіріп біреуі тиіс, дейді RTS.
Тексеру Қазақстан билігінің биыл көктемдегі құқықтық көмек көрсету туралы өтінішіне байланысты жүргізілуде.