Каспийдің қазақстандық секторынан ресейлік екі азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 525.11
  • 546.74
-12 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийдің қазақстандық секторынан ресейлік екі азамат ұсталды

Каспийдің қазақстандық секторынан ресейлік екі азамат ұсталды

Каспий теңізінің қазақстандық акваторийінен браконьерлікпен айналысқан Ресейдің екі азаматы ұсталды.

  • 30 Қараша 2012
  • 310
Фото - Caravan.kz

«29- қараша күні Ақтау ішкі істер басқармасының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері және Маңғыстау облысының балық инспекциясы жөніндегі басқармасы рейд кезінде Түпқараған ауданында Долгий аралында ілмелі екі моторы бар «байда» үлгісіндегі қайықты ұстап алған. Онда РФ-ның екі азаматы болған», деп хабарлады жұмада «Интерфакс-Қазақстанға» облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Кемені қарау кезінде ол жерден бекіре тұқымдас балықтың 30 килосы табылған.
Ұсталғандар-Дағыстан тұрғындары. Республиканың Қылмыстық кодексінің 287 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.