Ким Чен Ын «Жыл адамы» болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ким Чен Ын «Жыл адамы» болуы мүмкін

Ким Чен Ын «Жыл адамы» болуы мүмкін

Time журналының нұсқасы бойынша, 2012 жылғы «Жыл адамы» атағы солтүстіккореялық жас көшбасшы Ким Чен Ынға бұйыруы мүмкін.

  • 2 Желтоқсан 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Оған Интернетте ең көп дауыс беріліп отыр. Оның рейтингіде бірінші орынға шығуы белгілі болып қалды, өйткені одан кейінгі екінші орында тұрған египет президенті Мұхаммед Мурсиден ол жарты миллион дауысты көп жинап отыр.

«Ресей 24» телеарнасының мәліметтері бойынша, Барак Обама тоғызыншы орында келе жатыр. Жергілікті блоггерлер бұның себебін түсіне алмай әлек, әлде бүкіл солтүстіккореялықтардың қолына жаппай интернат ұстатқан ба, әлде оқырмандар әзілдеп отыр ма, деп мысқылдайды олар. Бұған дейін американдық сықақ басылымы, солтүстіккореялық көшбасшыны жылдың секс-символы деп атағанда, қытайлық баспасөз сеніп қалып, жариялап жібергені бар.

Перейти к новостям спорта