Фашизм құрбандарының күлімен сурет салды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фашизм құрбандарының күлімен сурет салды

Фашизм құрбандарының күлімен сурет салды

Швециялық суретші Карл Михаэль фон Хауссвольф фашистік лагерь крематорийінен алынған күлмен картина салған.

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 376
Фото - Caravan.kz

Лунд қаласында көрмеге қойылған шығарма көпшіліктің наразылығын туғызып отыр.

«Интерфакстің» хабарлауынша, суретшінің еңбегінде сұр түсті тікбұрыш бейнеленген. Хауссвольф адамның күлі мен судан басқа бояу қолданбаған. «Бұл күлде ХХ ғасыр­дың ең озбыр соғысы кезінде азапталып, тозақты көзбен көрген адамдардың энергиясы, жаны, ойы сақталғандай болды. Қағазға жұққан бояуымнан ерекше пішіндер туды», — дейді қылқалам шебері. Ол күлді 1989 жылы Польшадағы бұрынғы Майданек лагерінің мұражайынан ұрлап кеткен екен. Арада 20 жыл өткенде оны шығармашы­лығына пайдалануды ұйғарған. Майданек мұражайының мамандары Хауссвольфтің әрекетін жабайылық деп бағалап, оны ұрлығы үшін жазалауды талап етсе, Швециядағы еврейлер қауымы суретші жазықсыз құрбан болғандардың аруағын қорлады деп есептейді. Майданек лагерінде 1,5 млн тұтқын болған. Оның 300 мыңын фашистер қорлық-зорлықтан соң газға тұншықтырып өлтірді. Тұтқындардың дені еврейлер мен поляктар болды деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.