Көкшетау, Павлодар, Қостанай оқушылары аяз салдарынан сабаққа бармады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау, Павлодар, Қостанай оқушылары аяз салдарынан сабаққа бармады

Көкшетау, Павлодар, Қостанай оқушылары аяз салдарынан сабаққа бармады

Қазақстанның бірқатар қалалары мен аймақтарында сейсенбі күні үскірік аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 352
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Көкшетауда 32 градус аязға байланысты 1-9 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ тоқтатылды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық білім беру бөлімі мәлімдеді.

Ауа температурасы минус 35 градустан төмендеген облыстың басқа аудандарында да сабақ тоқтатылды.
Бүгін Павлодар облысында таңертең минус 33 градус аяз салдарынан 1-9 сынып оқушыларына сабақ жоқ. Қостанайда да минус 27 градус аяз салдарынан бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары оқымайды.