Сыр елі алтын домбыраның көшірмесін жасауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыр елі алтын домбыраның көшірмесін жасауды жоспарлап отыр

Сыр елі алтын домбыраның көшірмесін жасауды жоспарлап отыр

Тәуелсіздік күніне орай Астанада өткен «Біздің ел осындай!» атты ақындар байқауда өнер көрсеткен қызылордалық Мұхтар Ниязов «Алтын домбыраны» жеңіп алды.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

«Алтын домбыра» Сыр елінің еншісіне тиесілі болғандықтан, алдағы уақытта оның көшірмесін жасап, облыстық мұражайға қою ұсынысы жасалды.

Еске салайық, Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Біздің ел осындай!» атты айтыстың ақтық сыны Астанадағы Конгресс-Холл сарайында өтті. Бұған дейін Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының айтыскерлері — Қызылордада, ал Ақмола, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысының ақындары Өскемен қаласында айтысқан еді. Осы сыннан өткен алты ақын — Балғынбек Имашев, Сара Тоқтамысова, Мейірбек Сұлтанхан, Жандарбек Бұлғақов, Әсем Ережеқызы, Мұхтар Ниязов Астанада бас жүлде үшін бақ сынасты. Мәдениет және ақпарат министрлігі биыл бас жүлдеге «Алтын домбыраны» тікті. Бұл жүлдені арасына жыл салмай, қатарынан үш мәрте ұтқан ақын өз меншігіне алады.