Экспорттық жеткізілімдерге бағаның газ конденсатына — 9,7%, көмірге — 2,7%, ферроқорытпаларға — 2,6%, сұйытылған пропан мен бутанға — 2,3%, қара металдар илегіне — 1,4%, мұнай өнімдеріне — 1%-ға төмендеуі, олардың мұнайға — 13%, қорғасынға — 8,1%, алюминийге — 7,4%, мырышқа — 5,5%-ға жоғарылауы белгіленді. Баға мақтаға — 7,5%, бидайға — 3,9%-ға жоғары болды.
Импорттық түсімдерден дәрі-дәрмектер — 9,1%, темекі — 3,7%, сүт өнімдері — 1,5%, күріш — 1,1%-ға арзандады. Маргарин — 2,6%, сүрек — 2,4%, қағаз — 2,1%, кондитерлік өнімдер — 2%, кофе — 1%-ға қымбаттады.