Еліміздегі автобекеттер мен автостансалардың тең жартысына жуығы талапқа сай емес - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі автобекеттер мен автостансалардың тең жартысына жуығы талапқа сай емес

Еліміздегі автобекеттер мен автостансалардың тең жартысына жуығы талапқа сай емес

Қазақстандағы автобекеттер мен автостансалардың тең жартысына жуығы белгіленген талаптарға сай емес.

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Оның айтуынша, ұсынылған заң жобасының басты мақсаты отандық көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын көтеру болып табылады. «Бұдан бөлек, заң жобасымен еліміздегі көлік инфрақұрылымын дамыту шаралары да қарастырылып отыр. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, көліктегі қауіпсіздікті қорғау нормалары күшейтіледі. Бұдан бөлек, көліктегі мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру қарастырылып, ұлттық заңнамамыздың халықарлық келісімдердің талаптарымен үйлесімділігі көзделеді», — дейді Жауапты хатшы.