Ригада көлік иелеріне автобуста тегін жүруге рұқсат етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ригада көлік иелеріне автобуста тегін жүруге рұқсат етілді

Ригада көлік иелеріне автобуста тегін жүруге рұқсат етілді

Қар жауып тұрған кезде Ригалық көлік иелеріне қоғамдық көліктерде тегін жүруге рұқсат етілді.

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 348
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Facebook-та қала мэрі Нил Ушаков жазды деп хабарлайды Лента.ру.

«Біз тәжірибе жүргіземіз. Қар жауып тұрған күндері көліктің техникалық төлқұжатын көрсеткен жағдайда күні бойы автобустарда тегін жүруге болады», — деді ол.

Оның айтуынша, көліктің өзіңдікі немесе туысқаныңдікі, я болмаса лизингке алынғандығы маңызды емес. «Қала үшін маңыздысы — көліктің аулада немесе гаражда тұрғаны», — дейді мэр.

Қалалық билік жоба барысында мұндай күндерді ауа райының болжамына қарап, алдын ала хабарлап отырады.

Мәселен, бүгін Ригада қар жауып тұр. Сондықтан мэр көлігі барларға қарата, көлігін үйінде қалдырып, техқұжатын қалтасына салып, қоғамдық көліктермен жүруге шақырды.

Бұдан бұрын Эстонияның астанасы Таллинде барлық тұрғындар мен сырттан келген зейнеткерлер және студенттер үшін қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған болатын. Егер қалалық кеңес қала мэрі Эдгар Сависаардың бұл ұсынысын қолдаса, 2013 жылдан бастап таллиндіктер қоғамдық көлікте тегін жүретін болады. Енді Рига мен Вильнюс басшылығы да бұл бастаманы біртіндеп қолға алуға құлшыныс білдіріп отырған көрінеді.