«Тальго» пойыздары барлық облыс орталықтарына қатынайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тальго» пойыздары барлық облыс орталықтарына қатынайтын болады

«Тальго» пойыздары барлық облыс орталықтарына қатынайтын болады

Жолаушылар вагонының тапшылығы 5 жылдан соң шешімін табуы мүмкін.

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 323
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Жауапты хатшының сөзіне қарағанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы осымен екінші жыл қатарынан мемлекеттен пайызсыз несиелер алып, шамамен 25 млрд. теңгені «Тальго» вагондарын сатып алуға жұмсауда.

«Ал жалпы біз вагондар тапшылығын алдағы 5-7 жыл ауқымында қысқартпақпыз. Жақында Астанада іске қосылған «Тальго» вагон зауытына келсек, оның қуаты жылына 150 вагонды құрайды. Қазірдің өзінде отандық вагонның алғашқы партиясы, оның ішінде 19 вагон Алматы-Астана бағытындағы құрамда қатынап жүр. Бұдан бөлек, жоғары жылдамдықты қозғалыс бағдарламасы аясында еліміздің барлық дерлік облыс орталықтарына «Тальго» пойыздары қатынайтын болады», — дейді Ж. Қасымбек.