Қызылодар облысында 270-тен аса адам құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылодар облысында  270-тен аса адам құтқарылды

Қызылодар облысында 270-тен аса адам құтқарылды

Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданында 14 желтоқсан сағат 22.10-да Ақсуат елді мекенінде «Шымкент-Самара» тас жолында 93 жолаушы мінген «Сетра» автобусы сынып қалды.

  • 16 Желтоқсан 2012
  • 329
Фото - Caravan.kz

Жолаушылар — Өзбекстан азаматтары.

Қазалы ауданы ТЖБ-нің күшімен кеше сағат 03.30-да адамдар Ақсуат елді мекенінің №100 орта мектебіне көшірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Арал ауданында кеше сағат 07.20-да ауданнан 70 шақырым жерде 2 адам мінген «ФАБ» жүк көлігінің сынғаны жөнінде хабар келіп түсті. Қазалы ауданы бойынша жедел топ күшімен олар Ақбай елді мекеніне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.

Арал ауданында сенбі күні сағат 13.30-да «Шымкент-Самара» тас жолының 70 шақырымында 180 жолаушы мінген 2 автобус жолда сынып, тұрып қалды. Бұл жолы да жолаушылар Өзбекстан азаматтары болып шықты. Арал ауданы бойынша ТЖБ-нің 3 адамы мен 2 техникасының күшімен адамдар Арал қаласының «Ақжол» және «Саяхат» дәмханаларына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.