Қостанай облысында құтқарушылар жолда сынып қалған көліктер мен рейстік автобустың жүргізушілеріне көмектесті - kaz.caravan.kz
  • $ 508.5
  • 580.66
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында құтқарушылар жолда сынып қалған көліктер мен рейстік автобустың жүргізушілеріне көмектесті

Қостанай облысында құтқарушылар жолда сынып қалған көліктер мен рейстік автобустың жүргізушілеріне көмектесті

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында кеше сағат 09.30-дан 18.20-ға дейін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 690 шақырымында аудандық ТЖБ 5 адам мен 2 техниканың күшімен сынып қалған «МАН» көлігіне жөндеу жұмыстарын атқаруда көмек көрсетілді.

  • 16 Желтоқсан 2012
  • 289
Фото - Caravan.kz

Көліктің ішінде 1 адам болған. Оған тез арада қажетті жағдай жасалып, ыстық тамақ берілді.

Көлік бет алған бағытына жөнелтілді. Зардап шеккендер жоқ.

Сол ауданда сағат 16.05-тен 23.20-ға дейін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 735 шақырымында ТЖБ 4 адамы мен 2 техникасының күшімен жолда сынып қалған, «Рудный-Петропавл» бойынша бағыт алған рейстік автобус құтқарылып, Сарыкөл кентіне жеткізілді. Автобустың ішінде 2 адам болған. Зардап шеккендер жоқ.

Сенбі күні Қарасу ауданында сағат 21.20-дан 23.53-ке дейін «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында ТЖБ күшімен жолда сынып, тұрып қалған «ИВЕНКО» көлігімен жүргізуші құтқарылды.