Президент бюджет тапшылығын 2015 жылға қарай ІЖӨ-ге қатысты төмендетуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент бюджет тапшылығын 2015 жылға қарай ІЖӨ-ге қатысты  төмендетуді тапсырды

Президент бюджет тапшылығын 2015 жылға қарай ІЖӨ-ге қатысты төмендетуді тапсырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ІЖӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын 2015 жылы 2013 жылғы 2,1%-дан 1,5%-ға дейін төмендетуді тапсырды.

  • 18 Желтоқсан 2012
  • 480
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында Интерфакс-Әзербайжан агенттігі хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, шетелдік БАҚ-тар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада 2012 жылғы 14 желтоқсанда елордадағы жаңа опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыстың барысында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай бірқатар материал жариялады.

«Біз елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстауға тиіспіз. ІЖӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын 2015 жылы 2013 жылғы 2,1%-дан 1,5%-ға дейін төмендету керек», — делінген Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында.