Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Үкімет басшысының орынбасары Бөрлі ауданындағы Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кенішіне ат басын бұрмақ. Ақсай қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы барысымен танысып, аудан, қала жұртшылығымен кездеседі.
Ертең түс қайта Зеленов ауданындағы Янайкин ауылындағы «Кроун Батыс» ЖШС мал бордақылау кешенінде, Орал қаласы іргесіндегі ХІІІ-ХV ғасырларға жататын «Жайық» қалашығында, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми зертханасында болып, мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына сәйкес жөнделген көп қабатты тұрғын үйлерге соғады. Премьер-Министр орынбасарының қатысуымен «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да аталмыш кәсіпорынды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілмек.
Сол күні облыс жұртшылығының қатысуымен жұмыс сапары қорытындыланбақшы.