Қазақстан Украинаның Кеден одағына кіргенін қалайды - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Украинаның Кеден одағына кіргенін қалайды - СІМ

Қазақстан Украинаның Кеден одағына кіргенін қалайды - СІМ

Украина үшін Кеден одағының есігі ашық, қалғаны оның бірлестік қағидалары мен ережелерін қабылдау ниетіне байланысты, деп Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 231
Фото - Caravan.kz

«Украинаға келер болсақ, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік қағидасы өте қарапайым: біз мүшелік пен үшінші қатысушылармен байланыстың өзге түрлері үшін ашықпыз. Егер Украина ұйымның барлық қағидалары мен келісімдеріне қосылғысы келсе, есік ашық», — деп Е.Ыдырысов «Интерфакc-Қазақстан» агенттігімен болған сұхбатында мәлімдеді.

Әзірге Украина Кеден одағына мүше болуға өтініш бермеді, Алайда, ол ТМД шеіберінде еркін сауда аймағы туралы келісімшартқа қызығушылық танытуда, дейді министр.