Қазақстандық шаңғышы Австрияда өткен әлем кубогы кезеңінде топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шаңғышы Австрияда өткен әлем кубогы кезеңінде топ жарды

Қазақстандық шаңғышы Австрияда өткен әлем кубогы кезеңінде топ жарды

Қазақстандық шаңғышы Александр Полторанин Австрияда өткен әлем кубогының кезеңінде топ жарды. Бұл жолы жерлесіміз 15 шақырымдық қашықтықты классикалық әдіспен 37 минут 24 секундта бағындырды.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 350
Фото - Caravan.kz

Швейцариялық Дарио Колонья екінші орынға табан тіресе, ресейлік Александр Легков үшінші орынға жайғасты. Естеріңізге сала кетсек, биылғы маусымда Полторанин  еркін әдіспен 15 шақырымда күміс жүлдеген атанған болатын. Оған қоса әлемдік кезеңнің қола жүлдесін де қанжығасына байлаған. Ал Александрдың басты мақсаты әлем чемпионатына қызу дайындалып, Олимпиада лицензиясын иелену.        

 

Бундеслиганың 16-шы турында былтырғы чемпион дортмундтық “Боруссия” сырт алаңда “Хоффенхайммен” кездесті.

Алғашқы таймды ширақ бастаған қонақтар 26-шы минутта Марио Гетценің көмегімен есеп ашты. Алайда алаң иелері үзіліске дейін таразы басын теңестіріп кетті. Қорғаушылардың арасынан саңлау тапқан Свен Шипплок. Екінші таймда Кевин Гроскройтц дортмундтықтарды алға шығарды. Ал араға сегіз минут салып Роберт Левандовски қорытынды есепті орнатты. 17-ші турдан кейін мюнхендік “Бавария” 42 ұпаймен жеке дара көш бастап тұр. Ливеркузендік “Байер” екінші орынға жайғасса, “Боруссия” үштікті түйіндеді.

 


Испандық “Барселонаның” белді ойыншылары Карлес Пуйоль, Хави мен Лионель Месси клубпен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартты. Ескі келісім бойынша Пуйоль 2013-ші жылдың жазына дейін өнер көрсету керек болған. 

Енді 34 жасар қорғаушы 2016-шы жылға дейін “Барселона” жейдесінде доп теппек. Сондай-ақ, каталондық клубтың жартылай қорғаушысы Хави де  2016-шы жылға дейін өнер көрсетеді. Қатарынан үш мәрте әлемнің үздік футболшысы болып танылған Месси 2018-шы жылға дейін “Барселонаның” намысын қорғайтын болды. Бұл футболшылардың барлығы үш мәрте чемпиондар лигасын жеңіп алған. Әзірге келісімшартта қанша қаражат белгіленгені жайында нақты ақпарат жоқ. Биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп келе жатқан каталондықтар ішкі біріншілік пен чемпиондар лигасын да топ жаруды мақсат етіп отыр.