Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы жанданды

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы жанданды

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы ресупбликалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды.

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 277
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы бойынша ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты кеше сағат 17.00-дeн бастап «Алматы-Өскемен» жолының 558-615 шақырымындағы «Рубеж бекеті- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы» аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынған болатын. Бүгін сағат 07.00-ден бастап жол ашылды.

Сонымен қатар кеше кешқұрым «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 59-143 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. 20 желтоқсанда сағат 20:30-дан жеңіл автокөлік қозғалысына жол ашылды.

Бұған қоса кеше боранға байланысты «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 107-164 шақырымындағы «Шелек-Көкпек» учаскесінде қоғамдық және жүк автокөліктері үшін қозғалыс шектелді.

Ал Жамбыл облысы бойынша бүгін сағат 05.00-ден боран салдарынан «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 192-160 шақырымындағы «Қордай бекеті-Отар бекеті» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Бұдан бөлек Павлодар облысы өңіріндегі аязға байланысты кеше «Омбы-Майкапшағай» жолының 419-587 шақырымындағы «Павлодар — Шығыс Қазақстан облысы шекарасы» аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынған болатын. Бүгін таңертеңнен бастап жол ашық.