Қазақстан және Өзбекстан премьер-министрлері арасында талқыланған мәселелер - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Өзбекстан премьер-министрлері арасында талқыланған мәселелер

Қазақстан және Өзбекстан премьер-министрлері арасында талқыланған мәселелер

Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің елін әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне көтеру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалаймыз.

  • 22 Желтоқсан 2012
  • 533
Фото - Caravan.kz

Ш.Мирзиёевтің атап өтуінше, өзбек тарапы Премьер-Министр Серік Ахметовтің Өзбекстанға ресми сапарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстанда Ислам Кәрімов пен Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы жоғары деңгейде болып өткен саяси диалогтың логикалық, заңды жалғасы ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Бұл өзбекстандық-қазақстандық қарым-қатынастардың жағдайы мен деңгейін жан-жақты талдауға, біздің екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарымызды болашақта дамыту және тереңдету басымдықтарын айқындауға жақсы мүмкіндік. Біз ежелден халықтарымызды байланыстыратын, тарихи қалыптасқан достық, бауырлас және дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынастарымызды, ортақ құндылықтарымызды, қызығушылықтарымызды жоғары бағалаймыз. Әлемдегі қарқынды әрі бір мағыналы емес геосаяси және геоэкономикалық өзгерістерді есепке ала отырып, Өзбекстан мен Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жауапкершілігін жақсы сезінеді», — деп атап өтті ӨР Министрлер кабинетінің басшысы.

«Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің елін әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне көтеру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Біз Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауымен үлкен ықыласпен таныстық және кең ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда сіздерге сәттілік тілейміз», — деп байқап өтті Ш. Мирзиёев.

«Қазақстан ӨР-ның маңызды стратегиялық әріптестерінің қатарына кіреді. Біздің сауда-экономикалық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін әлеуетіміз бар. Тауар айналымының осы қарқынын сақтау керек, бізде президенттердің тауар айналымын кем дегенде екі-үш есеге көбейту жөніндегі тапсырмалары бар. Тауар айналымын екі-үш жылда екі-үш есеге көбейту үшін бір-бірімізге алмаса алатын тауарлардың тізімін беруіміз керек», — деп түйіндеді ӨР Премьер-Министрі.

Қазақстан және Өзбекстан арасындағы тауар айналымының деңгейін 5 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу — жақын арадағы бірнеше жылдың еншісінде.

Бұл туралы ӨР Үкімет басшысы Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен кеңейтілген құрамда өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлімдеді.

«Бізге тауар айналымын жаңа деңгейге шығару керек. Біз үшін 5 млрд. АҚШ долларына жету — жақын арадағы бірнеше жылдың еншісіндегі мәселе. Бізге Экономикалық ынтымақтастық Стратегиясының аясында тауар айналымын кеңейту бойынша Жол картасын жасау қажет. Егер біз тауар номенклатурасына тікелей әсер ететін экономиканың басым секторларын анықтасақ, екіжақты сауданың көлемін айтарлықтай арттыра аламыз», — деп түйіндеді С.Ахметов.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2011 жылдың қорытындылары бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 24 пайызға өсіп, 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Ағымдағы жылдың 10 айының ішінде ол 1,7 млрд. долларға жетіп, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10,8 астам пайызға өсті.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою қажеттілігі туындады.

«Бізді Өзбекстанның табыстары қуантуда — біз бұл табыстарды ортақ деп санаймыз. Іс жүзінде құрамына түрлі салаларда, соның ішінде экономика саласында 100-ден астам келісім-шарттар мен келісушіліктер кіретін күрделі, орнықты келісімдік-құқықтық база құрылды», — деп атап өтті С.Ахметов.

«Барлығымыз 1998 жылы мәңгілік достық және экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы тарихи келісім-шарттарға қол қойылғанын білеміз. Менің ойымша, бүгін жұмыстың бұл бағыттарын тереңдету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет. Орталық Азиядағы саяси, экономикалық тұрақтылық, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көбіне біздің келісілген әрекеттерімізге байланысты екені маңызды, біз ол туралы бүгін сөйлестік. Менің ойымша, бұл түсіністік бар, және біз жұмысымызды жалғастырамыз. Және бүгінгі кездесу мемлекеттеріміздің мүдделерін жақындастырып қана қоймай, көкейкесті мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді деп ойлаймын», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Еліміздің Үкімет басшысының атап өтуінше, Өзбекстан Қазақстанның басты, маңызды серіктестерінің бірі болып табылады. «Біз өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіміз. Қазақстанда Ислам Кәрімовтің қыркүйек айында Астанаға жасаған сапары қорытындыларын жоғары бағалайды. Мемлекет басшыларының қабылдаған ортақ мәлімдемесі — біздің болашақ әрекеттерімізге түрткі болмақ. Біз тәжірибе барысында бұл келісушіліктің әрбір тарамын жүзеге асыруымыз керек. Уақыт жетті, біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою қажеттілігі туындады, және іскерлік кеңес құру қарым-қатынастарды нығайтудың бір мысалы бола алады. Ол екі елдің іскерлік орталары арасындағы бұдан да тығыз әрі тиімді диалогты ретке келтіруге септігін тигізеді», — деді С.Ахметов.

Кездесу барысында сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейту мәселелері талқыланды.