Бұл туралы Британиялық метеобюроның мамандары болжап отыр. Олар болжам амплитудасының 0,43 градустан 0,71 градусқа дейін жететінін нақтылады. Метеорологтардың айтуынша, 2013 жыл 1850 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан заманауи бақылаулар тарихындағы ең жылы жыл болмақ.
Болжамды құрастыру кезінде Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым қолданатын үш ғаламдық мәліметтер базасының ақпараты есепке алынды. Олардың арасында Ұлыбританияның Метеобюросы, Шығыс Англия Университеті, американдық мұхиттар мен атмосфераны зерттеу бойынша Ұлттық басқармасы және NASA базасы бар.
Қарашаның соңында Бүкіләлімдік банкінің сарапшылары болжам шығарды, оған сәйкес келесі жүзжылдықтың басына қарай орташа ауа температурасы төрт градусқа жоғарылайды.