Қуатталмаған мәліметтер бойынша, құтқарушылар ауданда ұшақтың құлап бара жатқаны туралы оқиғаны куәгерлерден естіп-білген.
Атап өтерлігі, қазіргі кезде көріну мүмкіндігі жоқтың қасы, ОҚО ТЖД әзірше түсінік беруден бас тартуда. Дегенмен оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.
Әзірге расталмаған мәліметтерге сәйкес, ОҚО Сайрам ауданындағы әуе апатында 23 адам қаза тапқан.
Ресми тұлғалар түсініктеме беруден бас тартуда.
Айта кетейік, оқиға орнында қазір құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен әскерилер жұмыс жасауда. Апат орын алған жерде ондаған жедел медициналық жәрдем машиналары тұр. Ұшақ Сайрам ауданы Тассай кентінің артындағы карьерге құлаған.