Үкімет су бағасын келер жылдан бастап қымбаттатуға бекініп отыр. Келтірген уәждері-халық тіршілік нәрін ысырапсыз пайдаланады. Одан қалды қолданыстағы тариф соңғы екі жылдан бері өзгермеген. Ал тарифті көтеруден түскен ақшаға атқамінерлер ескірген құбыр желілерін жөндемек. Сөйтіп әбден тозығы жеткен инфраструктураны жаңалап алмақшы. Бұл тосын қымбатшылықтың жоқ-жітік шаңырақтарға ауыр соққы болатыны сөзсіз. Бірақ министрлер кабинеті аз қамтылған отбасылардың шығынын бюджеттен бөлінетін субсидиямен жабуды жоспарлап отыр.