Астанада болған өрт кезінде екінші қабаттан секірген үш адам ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада болған өрт кезінде екінші қабаттан секірген үш адам ауруханаға жеткізілді

Астанада болған өрт кезінде екінші қабаттан секірген үш адам ауруханаға жеткізілді

Бүгін сағат 05:23-те Астанадағы «Астанаводсервис» ЖШС-нің иелігіндегі екі қабатты ғимарат шатырының шамамен 2 мың шаршы метрі отқа оранды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 328
Фото - Caravan.kz

Жалын сағат 06:44-те ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 42 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнынан өрт кезінде екінші қабаттан секіріп, түрлі жарақаттар алған есімдері анықталмаған үш адам ауруханаға жеткізілді.