Қазақстандық делегацияны Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев басқарды.
2013 жылғы Қырғыз Республикасында өткізу жоспарланған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысына, ШЫҰ Хатшылығы қызметкерлерінің кадрлық алмастырылуына және Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне, сондай-ақ Түрік Республикасына ШЫҰ-ның сұхбат бойынша әріптес мәртебесін беру туралы Меморандумға қол қоюға байланысты мәселелер талқыланды.