Атырау облысында 12 млрд. жуық теңге ұрланған 29 нысанның құрылысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында 12 млрд. жуық теңге ұрланған 29 нысанның құрылысы тоқтатылды

Атырау облысында 12 млрд. жуық теңге ұрланған 29 нысанның құрылысы тоқтатылды

Атырау облысында мердігерлерге республикалық және жергілікті бюджеттен іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 11 млрд. 819 млн. теңге берілген 29 нысанның жұмысы тоқтатылды,

  • 27 Желтоқсан 2012
  • 350
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен кеңесте.

«Өкінішке қарай, осындай жағдайлар әлі де шығуда. Жоғарғы сот, Бас прокуратура және қаржы полициясына бұл туралы ақпараттандырылды. Қазіргі кезде бұл нысандар бойынша материалдар сотқа жіберілді, олардың үшеуі бойынша сот шешімдері шығарылды. Қалғандарына байланысты сот материалдары жақын уақытта қарастырылады. Егер біз бұл нысандар бойынша шешімдер қабылдамасақ, тонаушылық басталады, олар атмосфералық жауын-шашындардың әсерімен жарамсыз болып қалады. Жасалған жұмыс рәсуә болады. Сондықтан мен республикалық трансферттерінің есебімен басталған құрылысқа қосымша қаражаттарды бөлуде көмек көрсетуді сұраймын», — деді Б.Ізмұхамбетов.

Аймақ басшысының айтуынша, осындай көлемдегі ақшаны жергілікті бюджеттен табуға мүмкіндік жоқ.