Қаралы жиын еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаралы жиын еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр

Қаралы жиын еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр

Қаза тапқандарды еске алуға арналған қаралы жиындар еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр. Жұрт лек-легімен өңірлеріндегі шекара бөлімдерінің алдына гүл қойып, қаза болғандардың рухына тағзым етуде.

  • 28 Желтоқсан 2012
  • 535
Фото - Caravan.kz

Павлодар жұрты 30 градустық аязға қарамастан Ауған соғысы ардагерлерінің саябағында жиналып, ұшақ апатында қаза болғандарды бір сәт үнсіздікпен аза тұтты. Бейбіт күнде шейіт болғандардың бірі –шекара қызметінде аға кеңесші болған Александр Дмитриев еңбек жолын Павлодардағы 2033 әскери бөлімінде бастапты.

Сәкен Ормантаев, Павлодар қаласындағы 2033 әскери бөлім командирінің орынбасары:

—  Александр Игоревич өзім жұмысқа қабылдағам, бірге оқығамбыз, бірге қызмет атқарғамбыз. Сондықтан кішіпейіл адам, әрқашанда беделді ұжым арасында. Павлодар шекара қызметі ешқашан ұмытпайды, бәрі таниды, бәрі жақсы біледі.

Петропавлдағы шекара күзеті әскери бөлімінің жеке құрамы да Шымкент түбінде мерт болған әріптестестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Олардың бәрі марқұмдардың отбасы мен туған туыстарына көңіл айтып, қолдан келген көметкерін беруге дайын екендіктерін білдірді.

Сочувствия и соболезнования, тем ребятам, которые сегодня стоят, скорбят по своим соратникам.

Ал Семейде өткен қаралы жиын кезінде, Шымкент түбінде орын алған апатта осы өңірдің де азаматы қаза болғанын білдік. Ол –балалық шағы Жаңасемей ауданы Бірлік ауылында өткен Ерғали Нұрлашев. Марқұм шекара қызметінің бас басқармасының бастығы қызметін атқарған.


Боранбай Бегатов, Семей қаласындағы «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық ұйымының төрағасы:

— Семейде тұрып, оқу оқыды. Кейін Астанада өзіміздің ұлттық комитетте жұмыс атқарды. Енді сол кісінің жанұясына, туған-туысына, ағасына, апайларына алғысын айтып, көңіл айтамыз.

Осы қайғылы оқиға жат жерде жүрген отандастарымыздың да қабырғасын қайыстырды. Бауырлас қырғыз халқы шекара қызметкерлерінің қазасына байланысты көңіл айтып, Бішкектегі елшілікке таң атқаннан ағылып жатыр. Ондағы өкілдігімізде де мемлекеттік ту төмен түсірілген.