«Чайна дейли» газетінің бүгін хабарлауынша, жолаушылары бар бірінші құрамды жаңа желі арқылы жүргізу жұма күні Ухань қаласында (Хубэй провинициясы) болды.
Метрополитеннің жаңа желісі Янцзы өзенінің екі жағалауында орналасқан қаланың екі ірі аудан орталықтарын қосады. Өзеннің астындағы тоннель арқылы орташа жылдамдығы 36 шақырыммен жүргенде үш минуттай уақытты алады, ал желінің жалпы ұзақтығы 27,73 шақырымды құрайды. 21 станса мен желіні салу үшін шамамен 14,9 млрд. юань (2,37 млрд. доллар) жұмсалды.