Бес ақтөбелік азамат мал ұрлығының бірнеше фактісімен айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес ақтөбелік азамат мал ұрлығының бірнеше фактісімен айыпталуда

Бес ақтөбелік азамат мал ұрлығының бірнеше фактісімен айыпталуда

Бұған дейін 45 бас қойды ұрлағаны үшін ұсталған Ақтөбе облысының бес тұрғыны барымтаның тағы бір фактісін жасағанын мойындады, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 29 Желтоқсан 2012
  • 227
Фото - Caravan.kz

20-43 жас арпалығындағы күдіктілер Ақтөбе қаласының және Алға ауданының тұрғындары болып табылады. Олар 16 желтоқсан күні Алға ауданының Қарағандысай кентіндегі шаруа қожалығының күзетшісіне шабуыл жасағандарын мойындады. Күзетшіні байлап тастаған олар жалпы бағасы 500 мың теңгеден асатын 20 қой мен 1 ешкіні ұрлады.

Күдіктілердің айтуынша, ұрланған малды олар базарда сатып жіберген.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. ҚР ҚК-нің 175 бабы және 179 бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан басқа, күдіктілердің екеуі тағы бір жылқыны және 3 бұзауды ұрлағанын мойындады. Аталған ақпарат тексерілуде. Барлық фактілер бойынша тергеу шаралары өткізілуде.