Бұл туралы Қазгидрометтің баспасөз қызметінен хабарлады.
Болжам бойынша, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде ауа температурасының бағаны нөлден жоғары көтеріліп, жылымық болуы әбден мүмкін. Соған байланысты бұл аумақта жаңбыр жаууы ықтимал. Елдің солтүстік, шығыс және орталығында күндіз ауа бағаны небәрі 7-12 градус суықтықты құрайды.
30 желтоқсаннан бастап республиканың батысына Скандинав циклонының жақындауы аздаған аяз алып келеді. Бұл циклонның шығысқа қарай жылжуына сәйкес, Жаңа жылды аздаған аязбен және ұшқындап жауған қармен қарсы алу болжамы жасалуда.
«Қазгидромет» РМК ұжымы Сіздерді келе жатқан 2013 Жаңа жылмен құттықтайды!