ҰҚК басшысы ҚР Президентінің атынан қаза болған шекарашылардың туған туыстарына қолдау көрсетуге уәде етті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК басшысы ҚР Президентінің атынан қаза болған шекарашылардың туған туыстарына қолдау көрсетуге уәде етті

ҰҚК басшысы ҚР Президентінің атынан қаза болған шекарашылардың туған туыстарына қолдау көрсетуге уәде етті

«Осы қаралы жиынға шығар алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев маған көңіл айтып, сіздердің қайғыларыңызға ортақ екенін жеткізуді тапсырған. Мемлекет осы қиын кезеңде сіздерге қолдау көрсету үшін барлығын жасайды», - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев Шымкенттегі аза тұту рәсімі кезінде.

  • 1 Қаңтар 2013
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бүгін Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысында әуе апатында қаза болған 16 шекарашыны соңғы сапарға шығарып салды. Қазіргі таңда 27 шекарашының 21-інің жеке басы анықталды. Барлығының мүрделері жабық мырыш табытқа салынған.

Осы уақытқа дейін сарапшылар «қара жәшікті» зерттеуде. Мүрделерді тану жалғасып жатыр. Әлі күнге дейін алты адамның мәйіті сараптамада, соның ішінде полковник Тұрғамбек Стамбековтің жұбайы Сәуле де бар.

Еске сала кетейік, әуе апаты 25 желтоқсан күні орын алды. Ұшақ Шымкент әуежайына 20 шақырымдай жетпей қалды, жерге соғылған соң Ан-72 өртенді. 27 адам қаза болды, оның 20-сы әскери қызметшілер 7-уі экипаж мүшелері. Апат себептерін арнайы ведомствоаралық комиссия анықтауда. ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев ұшақтың ауыр метеожағдайда ұшқанын атап өткен болатын.