Сотталған әйел 19 жылдан кейін танымал телебағдарлама арқылы туыстарын тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сотталған әйел 19 жылдан кейін танымал телебағдарлама арқылы туыстарын тауып алды

Сотталған әйел 19 жылдан кейін танымал телебағдарлама арқылы туыстарын тауып алды

Сотталған әйел 19 жылдан кейін танымал телебағдарлама арқылы туыстарын тауып алды.

  • 3 Қаңтар 2013
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінен хабарлады.

ИЧ-167/4 түзеу мекемесінің бастығы Серік Алпысбаевтың сөзіне қарағанда, өткен жылдың қараша айында пенитенциарлық жүйенің қызметкерлеріне «Бармысың, бауырым» телебағдарламасы арқылы 30 жастағы Күмісайды туыстары іздеп жүргені мәлім болды. Тағдыр тәлкегімен ол қазіргі уақытта түзеу мекемесінде жазасын өтеуде, ал туыстық байланыстар ұзақ жылдарға үзілген.

Туыстары онымен кездескісі келетіндігін білген сотталушы әйел түзеу мекемесінің әкімшілігі арқылы журналистермен байланысқа шығып, «Бармысың, бауырым» телебағдарламасына қатысуға келісімін берді.

Аталмыш бағдарлама 2013 жылғы қаңтардың бірінші онкүндігінде көрсетілмек, деп хабарлады ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметінен.