Қостанай облысында такси жүргізушісі жолда жатқан ер адамды басып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында такси жүргізушісі жолда жатқан ер адамды басып кеткен

Қостанай облысында такси жүргізушісі жолда жатқан ер адамды басып кеткен

Жаңа жыл түні Қостанай облысында такси жүргізушісі жол бойында жатқан ер адамды басып кеткен, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

  • 3 Қаңтар 2013
  • 348
Фото - Caravan.kz

Оқиға Қостанай облысындағы Боровской ауылында болды. Такси жүргізушісі жолда жатқан 37 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Жүргізушінің айтуынша, ол жылдамдықты сағатына 40-50 шақырымнан асырмаған көрінеді. Жолда жатқан адамды көргеннен кейін тежегішті қанша басса да, көлік тайғанақтап тоқтай алмай қалған.
Ер адам сол жерде жан тапсырды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, полицейлер мереке кезінде өңірде тіркелген 148 қылмыстың 96-сын ізін суытпай ашты. Оған қоса 5 жол апаты тіркелді.