Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы қымбаттайды

Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы қымбаттайды

«Алматыэнергосбыт» АҚ қаңтардың онынан бастап Алматы мен Алматы облысында электр энергиясын қымбаттатпақ.

  • 4 Қаңтар 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz

«Еліміздегі станциялар үкіметтің №392-ші (…) қаулысы бойынша электр қуаты құнын қымбаттатты. Салдарынан тариф 5,9 пайызға қымбаттады» — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен, Алматы және Алматы облысының тұрғындары электр қуатының 1 кВт/сағ үшін ҚҚС қоспағанда 13 теңге 56 тиын (ҚҚС қоса есептегенде 15 теңге 19 тиын) төлемек.
Тариф тұтыну көлеміне қарай сараланған (ҚҚС қоса есептегенде): 1-деңгей 1 кВт/сағ үшін 13 теңге 45 тиын, 2-деңгей — 18 теңге 23 тиын, 3-деңгей — 20 теңге 35 тиын.