Жапония Қазақстанда әлеуметтік екі жобаны жүзеге асыру үшін грант бөлмек - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония Қазақстанда әлеуметтік екі жобаны жүзеге асыру үшін грант бөлмек

Жапония Қазақстанда әлеуметтік екі жобаны жүзеге асыру үшін грант бөлмек

Жапон үкіметі «Шөп тамыры» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда құны 110 мың доллар болатын қос жобаны жүзеге асыруға грант бөледі.

  • 9 Қаңтар 2013
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Жапония үкіметі «Шөп тамыры» бағдарламасы бойынша әлеуметтік екі жобаны жүзеге асыруға қаржылай көмек көрсетіп, 110 мың доллар көлемінде гранттар бөлу туралы шешім қабылдады», — делінген жапон елшілігінің сәрсенбідегі хабарламасында.

Нақтырақ айтсақ, қаржы Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін психологиялық реабилитация орталығы жобасын және Қарағанды облысында қамқорлықсыз қалған жалғыз ілікті жандар мен қарт кісілердің тұрмысын жақсарту жобасын жүзеге асыруға жұмсалуы тиіс.