Ембі мен Шалқар арасындағы жолда көлік қозғалысы жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ембі мен Шалқар арасындағы жолда көлік қозғалысы жанданды

Ембі мен Шалқар арасындағы жолда көлік қозғалысы жанданды

Еліміздің екі облысы аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды.

  • 10 Қаңтар 2013
  • 291
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы облысы аумағындағы борын салдарынан 7 қаңтарда «Үшарал-Достық» автожолының 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын. Кеше кешқұрым аталған жолда көлік қозғалысы жанданды.

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысы өңіріндегі боранға байланысты кеше сағат 17.00-ден бастап «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 96-258 шақырымындағы «Ембі қаласы- Шалқар қаласы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. Бүгін сағат 09.00-ден бері бұл жол да ашылды.