Республикада тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикада тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Республикада тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2012 жылғы 1 қазаннан) еліміз бойынша 308 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 5 жағдай маусымдық тұмау. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға төмен.

  • 10 Қаңтар 2013
  • 440
Фото - Caravan.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымдық тұмау жағдайлары Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қалаларында тіркелді.

Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап тұмауға қарсы 1 млн. 310 мыңнан астам адам егілді. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 364 мыңға жуық болса, 75 мыңын жүкті әйелдер құрады. Вакцинациядан кейін асқыну тіркелген жоқ.

Зертханалық зерттеулер нәтижесінде В типті, А H1N1 типті, А H3N2 типті маусымдық тұмау, сондай-ақ, тұмау вирустарына жатпайтын вирустар айналымы анықталды (аденовирустар, риносинтициалды және парагрип вирустары).

Әлемдегі тұмауға қатысты жағдайға келсек, «Синьхуа» агентігінің мәліметінше, Қытай Халық Республикасында тұмаумен сырқатанушылықтың көтерілуі байқалады. 2012 жылғы желтоқсанның 24-нен бастап 30-на дейін 1 040 000 ЖРВИ-мен ауырған адам тіркеліп, 28,5 мың адамда тұмау вирусы анықталды. Оның ішінде А H1N1типті вирус басым.

Қытай мамандарының бағалауы бойынша, Бейжіңде А H1N1 тұмауынан осы инфекцияға қарсы егілмеген 22 және 65 жастағы екі әйел қаза болған.

ҚР ДСМ МСЭҚ комитеті вакцинация — тұмаудың алдын алудың ең тиімді тәсілі екендігін еске салады.