Бұл ақпаратты Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен қатар мекеменің атап өтуінше, телемедицина аясында шетелдік клиникалармен 33 консультация, 270 кеңес пен семинар ұйымдастырылды. Телемедициналық консультация қызметіне Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары барынша көп жүгінді. Жүргізілген сараптамаларға қарағанда, кардиология (5756 консультация), пульмонология (1882) және невропотология (1044) сынды мамандардан кеңес алуға ниет танытатындардың қарасы мол.
Айта кетейік, қазіргі уақытта еліміздің Ұлттық телемедициналық желісі облыстық, аудандық ауруханаларда, республикалық клиникаларда, медициналық ЖОО-ларда, денсаулық сақтау басқармаларында орналасқан 186 телемедициналық орталықтың басын қосады.