Электр энергиясының бағасы 15 өңірде өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электр энергиясының бағасы 15 өңірде өзгерді

Электр энергиясының бағасы 15 өңірде өзгерді

Электр энергиясының бағасы 15 өңірде 2,4 пайыздан 11,9 пайызға дейін өзгерді.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 462
Фото - Caravan.kz


Мұның басты себебі — электр энергиясын өндіру тарифтерінің көтерілуі.

«Өздеріңіз білесіздер, Үкімет 2009 жылдан бастап энергия өндіруші ұйымдарға қатысты «тарифті инвестицияға айырбастау» ұзақ мерзімді саясатын жүргізіп отыр. Ол энергия өндіруші ұйымдарға электр энергиясының шекті тарифтерін белгілеу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте «Электр энергетикасы туралы» заңға сәйкес индустрия және жаңа технологиялар министрлігі электр стансаларымен тиісті келісімдерге жыл сайын қол қояды»,-деді агенттік басшысы.

Белгілі болғандай, Мысалы, осы жылдың басынан бері электр энергиясының бағасы Екібастұз ГРЭС-1-де, ГРЭС-2-де — 12,3%-ға (6,5-тен 7,3 теңге/кВтсағ. дейін), Қарағанды ГРЭС-2-де 12,08%-ға (4,55-тен 5,1 теңге/кВтсағ. дейін), «Севказэнерго Петропавл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 14,6%-ға (5,45-тен 6,25 теңге/кВтсағ. дейін), Жамбыл ГРЭС-те 5%-ға (7,9-дан 8,3 теңге/кВтсағ. дейін) өсті.

Сумен жабдықтау қызметіне орташа тарифтер қаңтар айында 3 өңірде 16,7%-дан 97%- ға дейін өзгерді.

Оның айтуынша, кәріз қызметтерінің тарифтері қаңтарда 3 өңірде 51%-дан 57%-ға дейін өзгерген.

«Сумен жабдықтау және кәріз қызметтеріне тарифтер өсуінің негізгі себептері — электр энергиясына бағаның көтерілуі. Себебі, ол өзіндік құнда 30%-ды құрайды. Сонымен қатар химиялық реагенттер, материалдар құнының өсуі, жөндеу жұмысы шығынының әсері болып отыр»,-деді агенттік басшысы.

Бұдан басқа тарифке сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру мен жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру әсер ықпал етеді.

2012 жылы реттелетін тарифтердің инфляцияға ықпалы ырықталды.
Былтыр тарифтерді өзгерту туралы шешім инфляцияға 1, 166 пайыз деңгейінде жиынтық үлесін қамтамасыз етті.

Реттелетін тарифтерді өзгертуде Үкімет мақұлдаған инфляцияның дәлізін ескере отырып жүзеге асырылуының маңыздылығы аз емес екендігіне тоқталған агенттік басшысы, «Мәселен, 2012 жылда реттелетін қызметтерге тарифтерді өзгерту туралы шешім статистика деректері бойынша инфляцияға 1, 166 пайыз деңгейінде жиынтық үлесін қамтамасыз етті. Ал жылдық жоспарланған жылдық шекті мәні 1,9 пайыз болатын. Осы арқылы реттелетін тарифтердің инфляцияға ықпалы ырықталды»,-деді.