Пәкістан премьер-министрі тұтқындалатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістан премьер-министрі тұтқындалатын болды

Пәкістан премьер-министрі тұтқындалатын болды

Пәкістан жоғарғы соты премьер-министр Раджа Первез Ашраф пен тағы 15 адамды энергетикалық жобалардағы сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар деген күдікпен тұтқындауға ордер берді.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 317
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғау орындары ордер бойынша премьер мен 15 адамды 24 сағат ішінде тұтқындауы тиіс.

Ашраф премьерлік қызметке дейін су және энергетика министрі болған еді. Ол министр болған кезінде — 2010 жылы электр энергиясын өндіру жобасын мақұлдағаны үшін пара алғанын жоққа шығарған.

Премьердің кеңесшісі Фавад Чаудхри соттың ордерін «конституцияға қайшы» деп сынады.

Пәкістандағы мұсылмандардың басты діни жетекшісі Мұхаммад Тахир-ул-Қадри мен оның мыңдаған жақтастары Исламабадта наразылық танытып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп тұр, деп хабарлайды «Азаттық».

Перейти к новостям спорта