Бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды

Бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды

Еліміздің бірқатар республикалық жолдарында көлік қозғалысы жанданды.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 363
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Алматы облысында 12 қаңтардан бері «Үшарал-Достық» жолының 0-184 шақырымы аралығында жол жабық.

Сонымен қатар кешеден бастап «Алматы-Өскемен» жолының 558-615 шақырымындағы «Үшарал-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы» учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысы өңіріндегі боранға байланысты кешеден бері «Алматы-Өскемен» жолының 977-1075 шақырымындағы «Қалбатау-Қ.Қайсенов» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық.

15 қаңтар сағат 11.00-ден бастап «Семей-Новоалтайский-РФ шекарасы» автожолының 2-113 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 08.00-ден бұл жол ашық.

Бұған қоса кеше — «Өскемен-Семей» жолының 45-198 шақырымындағы «Таврия -Семей» аралығы;
— «Алматы-Өскемен» жолының 615-775 шақырымындағы «Алматы облысы шекарасы-Аягөз» аралығы;
— «Таскескен-Бахты» жолының 0-187 шақырымындағы «Таскескен айналымы-Бахты» аралығында көліктердің жолға шығуына тыйым салынған болатын. Бүгін сағат 07.30-дан бастап осылардың ішіндегі соңғы аталған жолда көлік қозғалысы жанданды.

15 қаңтар сағат 14.30-дан бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Омбы-Майқапшағай» жолының 733-906 шақырымындағы «Семей — Қалбатау» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 16 қаңтар сағат 08.00-де жол ашылды.

15 қаңтар сағат 16.00-ден бастап «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 15-191 шақырымындағы «Белоусовка -РФ шекарасы» аралығында да жол жабылды.

Мұнымен қоса кеше сағат 17.00-ден «Өскемен-Зырян-Қатонқарағай» жолының 6-165 шақырымындағы «Степное-Зырян» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

15 қаңтар сағат 20.00-ден бері «Омбы-Майқапшағай» жолының 587-729 шақырымындағы «Павлодар облысы-Семей» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл жолда бүгін сағат 07.30 бастап көлік қозғалысы жанданды.

Жамбыл облысы аумағындағы боранға байланысты кеше «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 528-593 шақырымындағы «Айша бибі-Оңтүстік Қазақстан облысы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 16 қаңтар сағат 07.45-тен бастап шектеу алынды.

Қарағанды облысы бойынша кеше сағат 12.30-дан бастап «Қызылорда-Павлодар»жолының 433-749 шақырымындағы «Жезқазған-Атасу» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Бұдан бөлек 15 қаңтар сағат 19.45-тен «Қызылорда-Павлодар» жолының 1069-1135 шақырымындағы «Молодежный-Павлодар облысы шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 16 қаңтар сағат 07.45-тен бастап жол ашылды.

Павлодар облысында 15 қаңтар сағат 18.30-дан бастап қолайсыз ауа райына (көктайғақ) облыс бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 06.30 бастап көлік қозғалысы жанданды.

Оңтүстік Қазақстан облысында 15 қаңтар сағат 16.00-ден бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-658 шақырымындағы «Жамбыл облысы -Жібек жолы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 16 қаңтар сағат 07.45 бастап шектеу алынды.