Қазақстанда еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылыу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері 16%-ға арттырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылыу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері 16%-ға арттырылды

Қазақстанда еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылыу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері 16%-ға арттырылды

Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері арттырылды.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 435
Фото - Caravan.kz

2012 жылдың 28 желтоқсанында үкімет басшысы Серік Ахметов қол қойған тиісті қаулы бүгін ресми ақпарат құралдарында жарияланды.

«2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек қабілетін жоғалтқан және асыраушысынан айырылған тұлғаларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем мөлшері 16 пайызға арттырылсын», — делінген қаулыда.
2012 жылдың қаңтарында еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері 7%-ға арттырылған болатын.